oC
Местоположение нашего сайта

Табиғат-ғажап әлем. (02.05.2024)

Пах,шіркін табиғаттың сұлулығына көз тоя ма! Табиғатта адам сияқты ренжиді,адамға ауыр сөз айтсаң ол оған ренжиді,ал табиғатқа қиянат жасасаң сұлулығын жоғалтады.

“Балапан” ересек тобында “Табиғатым тамаша” ҰІӘ болды.Балалар табиғаттын өлі және тірі табиғатымен танысып,қонаққа ренжулі глобус келіп өзінің жағдайын баяндап берді.Глобус балаларға карта беріп, сол арқылы тапсырмаларды орындау керек екенін айтты.

Балалар картамен бірге тапсырмаларды орындауға жолға шықты.Балалар кедергілерден өтіп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. “Дұрыс-қате”тапсырмасында балаларға арнайы кітапша ұсынылып,балалар оны дұрыс немесе қате белгілерімен қою арқылы орындап шықты.Осы кітапша арқылы балалар табиғат не пайдалы,не пайдасыз екенін айта отырып қорытындылады.

Басқада тапсырмаларды орындай отырып қоқыстардың арнайы жәшіктері болатындарын,қоқыстарды тазартып оларды қайта өңдеп,қолдануға болатындары жайында мағлұмат алдық. Ең қызықты тапсырмамыз “Қоқыстарға екінші өмір сыйлайық”.

Балалар қоқысқа лақтыратын бір реттік қолдануға жарамды стакандарды ала отырып,өз қолымызбен өрмекші жасадық.Стакандарды қара түске бояп,қайшымен жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп,тапсырманы орындадық.Осылайша балалармен бірге қоқыстарға екінші өмір сыйладық.Табиғаттың тіршілік көзі-су екендігінде естен шығармадық.

Балаларға судың табиғатқа,адам өміріне,тіршілік иелеріне қалай керек екендігін еске түсіріп,сумен тәжірибие өткіздік. Тәжірибие мақсаты балалармен судың дәмін,түсін өзгерте алатындығымызға көзіміз жетті. Тапсырмамыздың соңғы бөлігі ол сандарды рет-ретімен қою арқылы күлімдеген глобусымыздың суретін құрастырып шықтық.

Осылай барлық тапсырмаларды дұрыс орындай келе, глобусымызды тазартып,оған әсем күлкі сыйладық.Глобус бізге тек қана қоршаған орта туралы ғана емес,сонымен қатар шығармашылық қабілеттерімізді,математикалық білімдеріміз бен сөйлеуімізді дамытуға көмегін берді.Глобус өз рахметін айта отырып,бізге тәтті сыйлықтарын беріп,бізбен қоштасты.ҰІӘ қорытындылай келе табиғатымыз бізге берген үлкен сый екенін жәнеде табиғаттың бізге берер үлкен сыйы бар екендігін түсіндік.Табиғатты қорлауда оны көркейтуде адамзат қолында екенін,оған сүйіспеншілігіміз бен махаббатымызды сыйлап,қадірлей білу керек екендігімізді ұғындық.