oC
Местоположение нашего сайта

Мектеп жасына дейінгі  балаларды  ертегілер арқылы тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуы. Сонымен, балалардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, баланың күнделікті рухани қажеттілігіне айналдыру балабақшаның қазіргі кезеңдегі маңызды  міндеті. Қазақ халқының жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың  ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады.Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады.
 Мен бүлдіршіндерді қазақ тілін үйрету барысында ,  қазақ халқы ертегілерімен  таныстыру  үшін түрлі әдістерді қолданмын:
 -Ертегілерді мултфильмдер мен  видео арқылы қарау.
-Қазақ халқы ертегілерді   оқу.
- Презентация ,суреттер арқылы ертегілермен таныстыру.
- Ертеглерді сахналау

-Көленкелі театр
Балалар ертегіні түсініп есте сақтау үшін , келесі жұмыстар жүргіземін.                

-Ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне  еніп соның көңіл күйін образ  арқылы бейнелеп беру.                                                                            

Пантомима ойындарын   ойнату.                                                                                      

-Ешқандай  сөз айтпай сол кейіпкердің  қимылдарын көрсету.
-Суретпен жұмыс. Әр түрлі кейіпкерлерді бейнеленген суреттер немесе бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.                                                                                                                    

Ертегілермен  жұмыс істеудің бір әдісі мен қолданылатын көлеңкелі театр

Көлеңкелер театры балаларды қалай қызықтырады? Онда балалар таныс және жұмбақ кейіпкерлердің жанданған және сөйлейтін силуэттерін көреді.. Балалар көлеңкелі театрдың қатты эмоционалды әсеріне бой алдырады. Олар оны құруға белсенді қатысады. Картоннан дәстүрлі көлеңке театрын жасау (кейіпкерлерді сызу, оларды қайшымен кесу), балалар сөйлеуді дамытуға ықпал ететін ұсақ моториканы дамытады.                                          
Ұйымдастырылған іс-әрекетінде және  оқу іс-әрекетінен тыс циклограмма бойынша, балаларға  мынадай ертегілерді сахналатамын «Жеті лақ», «Кейіпкерлерді тап», «Мақта қыз», «Шалқан », «Түлкі мен тырна», «Үйшік» т.б

Қорытындылай келе айтуға болады халық ертегілері-өмір, қоғам, табиғат туралы жылдар бойы қалыптасқан әр халықтың баға жетпес байлығы.Халық ертегілері арқылы ,бала ана тілін меңгеріп қана қоймай , өз халқының мәдениетімен танысады, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін оятады.