oC
Местоположение нашего сайта

Негізгі қызметкердің мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы
(декреттік демалыс кезінде)
Конкурстың басталу күні:6 тамыз шілде 2025 жыл

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№8 бөбекжайы» КМҚК: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 18 А үй, тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту тәрбиешісі (қазақ тілінде оқытатын топқа 1 бірлік)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білім.

Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын.
  • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да норматитік құқықтық актілерін.
  • Психология және педагогика.
  • Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары.
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.

Конкурсқа қатысу қажетті құжаттар тізімі:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат  (сәйкестендіру үшін).
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса).
  • Білім туралы құжаттардың көшірмелері.
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама.
  • Ұлттық біліктік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

Лауазымдық жалақысы штат кестесіне сәйкес еңбек сіңірген жылдарына және санатына қарай (90000 теңгеден бастап).

Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындақ деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы, аттестаудан ету, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми сайтта жарияланған сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс: https://sadik8.edu.kz/ru/

Анықтама телефоны: 22-09-36, 22-55-44
Электрондық пошта: sad8@kst-goo.kz