1 мамырда Қазақстан «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесін атап өтеді.Осы мереке қарсаңында және біздің балабақшада «Ұлттық Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Бір шаңырақ астында» ойын - сауығы өткізілді. Зал шарлармен, ленталармен безендірілді, балалар ұлттық костюмдер киді. Ойын-сауықта «Халықтар бірлігі» сөзінің мағынасы туралы көп айтылды. Педагогтар балаларға барлық халықтардың достығы - бейбітшілік, келісім және бақыт екенін жеткізуге тырысты. Ойын-сауық кезінде балалар ұлттық ойындар ойнады, достық туралы мақал-мәтелдер айтты, ән айтты, түрлі тілдерде өлең оқыды. Ойын-сауық достық туралы көңілді әнмен аяқталды.
{gallery}/it14/2{/gallery}








