Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың негізгі бағыттарының бірі танымдық, шығармашылық, коммуникациялық дағдыларды дамыту болып табылады, ол балалардың қызығушылығын, білімділік пен танымдық мотивациясын дамытуды; коммуникациялық қалыптастыруды, сананың қалыптасуын, қиял мен шығармашылық белсенділікті және т. б. дамытуды көздейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін үлкен үлес қосатын ол құрастыру технологиясы болып саналады.Соның бірі «ТИКО –құрастыру технологиясы». ТИКО - құрастыру процесінде баланың ой-өрісін дамытудың заманауи құралы болып табылады. Құрастыру туралы айтқан кезде, балалар құрылыстар жасауды, жазық және көлемді бұйымдар жасауды болжайды. Құрастыру қолдың ұсақ моторикасын дамытады және балалардың сөйлеу дамуына айтарлықтай әсер етеді. Мектепалды тобы «Айгөлек» балалары ТИКО құрастыруы арқылы зейінді шоғырландыруға ықпал етеді, себебі қалаған нәтиже алу үшін дайындау процесіне көңіл бөледі. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын дағдыландырады. Тико математикалық дайындық тұрғысынан да, жалпы зияткерлік даму тұрғысынан да логикалық және кеңістіктік ойлау дағдыларын дамытудың маңыздылығына негізделген. Логикалық тапсырмалар жүйесі, "ТИКО" конструкторының бөлшектерінен жасалған жазық және көлемді объектілерді модельдеу, педагогтарға мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік және көру түсініктерін қалыптастыруға, дамытуға, түзетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ балаларға математикалық түсініктерді ойын түрінде меңгеруге және әмбебап логикалық әрекеттерді қалыптастыруға көмектеседі. "ТИКО" мектепалды тобы «Айгөлек» балаларының танымдық, шығармашылық, коммуникациялық дағдыларын бүгінгі таңда ең өзекті болып табылады, өйткені баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және одан әрі өзін-өзі жүзеге асыру үшін қажетті интеллектуалды дамуды қамтамасыз етеді.
Местоположение нашего сайта









