oC
Местоположение нашего сайта

«Қазақстан халқының бірлігі күні» - бұл барлық этностардың ізгілік, бейбітшілік және еңбек мерекесі. Бірліктің арқасында біз көпұлтты еліміздегі бейбіт өмірдің куәсі болып жүрміз. Бір шаңырақ астындағы халықтың тату-тәтті өмірі әр мекеме, ұйымнан басталып, біртұтас Отанымызға қосылады. «№8 бөбекжай-бақшасы» МКҚК педагогтары Қазақстан халқының бірлігі күніне ерекше бейне құттықтау ұйымдастырды. Онда махаббат, бейбітшілік, өркендеу, мейірімділік және бақыт тілектері бар. Біз үшін жас ұрпақта түрлі мәдениеттерге, өткен тарихтарға және халықтар мұрасына сүйіспеншілікті, сыйластық пен төзімділікті дамыту маңызды.
Біз біргеміз және бәріміз бірге - біз күшпіз! Біз біргеміз! Мереке құтты болсын!
Add comment