oC
Местоположение нашего сайта

Мектеп жасына дейінгі балаларда патриотизмді қалыптастыру бойынша жұмыс көлемді және көптеген бағыттарды қамтиды. Қызметтің айтарлықтай маңызды және бір бағыты – ол балаларды өз елінің тарихымен, ел өмірінде, қарапайым адамдардың өмірінде шешуші мәнге ие болған тарихи даталармен таныстыру.

Бізді еліміздің тарихындағы ұлы халқымыз Ұлы Жеңісті жеңіп алған есте қаларлық күннен 75 жыл алыстатады.

ХХІ ғасырда балалардың жаңа буыны өсіп келеді. Олар үшін Ұлы Отан соғысы алыста қалған тарих. Бірақ өз еліңнің  тарихын білу және болашақ үшін ештеңені ұмытпау қажет. Осы мақсатта біздің бөбекжай-бақшамыздың педагогтары, балалары мен ата-аналары мереке қарсаңында «Біз соғыстың не екенін білмегеніміз үшін Сіздерге мың алғыс», «Біздің есімізде, біз мақтан тұтамыз», «Жеңіс үшін аталарымызға рахмет» секілді жобалармен жұмыс жасады. Жоба бойынша тәрбиешілердің, ата-аналардың және балалардың бірлескен жұмысының нәтижесі «Біздің есімізде, біз мақтан тұтамыз!» әлеуметтік роликтерінің, челленджерлердің,  слайд-шоулардың пайда болуы болды, бұнда  фашизмге қарсы күресте біздің әскерилердің  асқан ерліктері үшін біздің тамсану эмоцияларымыз бен мақтаныш сезімдеріміз айқын көрсетіледі. Бұл бейне роликтер Жеңіс күнін еске алуға арналған эстафетаға қатысты. Ең бастысы, балалар бұл естелікті жүректерінде сақтаулары тиіс. Елдегі қиын жағдайға, карантин мен оқшаулау режиміне қарамастан,  БІЗДІҢ ЕСІМІЗДЕ! БІЗ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ! БІЗ МҰРА ЕТЕМІЗ!

Add comment