Білім алушылардың, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап елдің барлық мектептері Қашықтықтан оқытуға мәжбүр болды, өйткені бұл оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін болдырмайтын жалғыз тәсіл. Балабақшалар штаттық режимде келу еркіндігінде жұмыс істеуде, бірақ балалардың көп бөлігі үйде отыр. Ата-аналардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, балалардың БҒМ Типтік оқу бағдарламаларын меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ байланысты үй режиміндегі мектепалды даярлық топтарының балалары үшін қашықтықтан оқытуды енгізу ұсынылды. Қостанай облысының балабақшалары педагогтарының тобы (оның ішінде біздің бөбекжай-бақшаның педагогтары) ФЭМП (математика), сауат ашу негіздері, айналамен таныстыру сияқты пәндер бойынша бейне сабақтар жасады. Сондай-ақ, біздің бөбекжай-бақшаның педагогтары тек мектепалды даярлық топтарында ғана емес, сонымен қатар барлық жастағы балалар үшін де қашықтықтан оқыту жүргізеді.
Балаларды қашықтықтан оқыту-бұл баланы интернет-технологиялар арқылы қашықтықтан оқыту үрдісі. Қашықтықтан оқытудың мәні баланың бейне сабақтарды көруге, әдістемелік және оқу материалдарын зерделеуге, тәрбиеші ұсынған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алатынында. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналарға қашықтан қол жеткізуде педагогикалық қолдау көрсету, өзекті ақпаратты іріктеуге көмек көрсету, ата-аналарды оқу үрдісіне тарту, балалармен бос уақыттарын тиімді өткізу мүмкіндігі жүзеге асырылады. Балаларды қашықтықтан оқытудың негізгі мақсаты-балалардың экраннан ақпаратты дұрыс қабылдауға барынша бейімделуі (көрді-түсінді-қайталады-бағалады). Мектепке дейінгі балаларды қашықтықтан оқытудың мақсатты аудиториясы – бұл балалар ата-аналарымен бірге.
Қазіргі заманғы балалар экраннан ақпарат қабылдауды жүріп, сөйлегеннен де бұрын үйренеді. Міне, сол себепті балабақша тәрбиешісі де жаңа буын адамдарының мәртебесіне сай болуы тиіс. Біздің балабақшаның педагогтары бейне сабақтар жасайды, тақырыптық апталарға сәйкес және осы оқу жылына арналған перспективалық тақырыптық жоспарда тұрған тапсырмалар бойынша негізгі пәндер бойынша көрнекі материалдар, ойындар мен жаттығулар, танымдық және ойын-сауық сипаттағы бейнероликтер таңдайды. Тақырыптарға сәйкес аптаның бір күні тәрбие бағыттарының біріне бөлінеді, ал тәрбие жұмысының қалған түрлері тұтас үрдіс жасай отырып, онымен бірге толықтырылады. Мысалы, дүйсенбі күні «Қазақстанның жыл құстары» тақырыбы бойынша жұмысты ұйымдастырғанда, күн тақырыбы «Фитнес батл» музыка мен дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, балаларға ән үйрену, би-ырғақтық қозғалыстарды орындау ұсынылады; сейсенбі күні «Шығармашылық күн» бейнелеу қызметіне көңіл бөлінеді, ал сәрсенбі күні «Тілдер күні» балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренеді және т.с.с. Барлық материал ойын немесе танымдық іс-әрекет арқылы бекітіледі. Әр педагог осы қызметке Типтік оқу бағдарламасына сәйкес шығармашылықпен қарайды. Шын мәнінде, балалармен жұмыс істеу кезінде ештеңе өзгермейді, біз жай ғана балабақшада да, үйде де оқу үрдісін жеңілдететін ыңғайлы құралдарды аламыз. Өйткені педагогтар осы материалды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу үшін бөбекжай-бақшаға баратын балаларға да қолданады. Әрбір жас тобында тәрбиешілер басқаратын WhatsApp мессенджерінде жабық қоғамдастық бар. Бұл ата-аналармен қарым-қатынастың ең қолайлы тәсілі. Мұндай топтар тіпті кіші топтарда да бар. Мамандардың тар шеңберімен (дене тәрбиесі нұсқаушыларымен, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі мұғалімдерімен, музыкалық жетекшімен) кері байланыс орнатылған. Оқытудан кейін ата-аналар педагогқа баланың орындаған тапсырмаларын, сондай-ақ сабақ барысында, баланың бейнесабақты қабылдауын және т.б. туралы барлық сұрақтарды жібереді. Педагог балалардың шығармашылық және басқа да пәндер бойынша фото суреттерін балалармен жеке жұмыс істеу және мониторинг үшін папкада сақтайды.
Бұл функция балалары үй режимінде отырған ата-аналармен бағаланған. Бұл жұмыс өте қиын, бірақ ол соған тұрарлықтай! Осылайша, қашықтықтан оқыту барысында балабақшаның педагогикалық ұжымы мен отбасы мүшелерінің арасында тығыз байланыс орнатылады. Балаларды тәрбиелеу олар үшін ортақ міндетке айналады, олардың арасында педагогикалық ынтымақтастық белгіленеді.









