oC
Местоположение нашего сайта

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 27 сәуірінде мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балаларға арналған «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жобалау қызметінің республикалық (сырттай) конкурсы өткізілді.

 

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау-зерттеу қызметін дамыту үшін жағдай жасау.

 

Байқаудың ұйымдастырушылары «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, Жергілікті атқарушы органдардың тиісті деңгейлері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, мектепке дейінгі ұйымдар болып табылады.

Байқауға мектеп жасына дейінгі ересек жастағы, мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының балалары жеке және командалық құрамда қатысты.

Зерттеу-шығармашылық сипаттағы жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылды, жобаның ақпараттық картасымен, таңдалған тақырыптың мақсатқа сай болуы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі (педагогтің қолдауымен, балалар мен ересектердің шығармашылығы), оның жетістіктері мен кемшіліктері атап өтілдген басшы пікірімен сүйемелденді. Жобаны қорғау үшін қатысушылар көрнекілік материалдарды дайындады: сызбалар, газеттер, коллаждар, макеттер, үлгілер, балалар дизайны.

Орындау деңгейі 3 балдық жүйе бойынша бағаланды. Конкурстық жұмыстарды бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылды:

  • жұмысты орындаудағы дербестік дәрежесі;
  • шығармашылық көзқарас;
  • көрнекі материалдың жоба тақырыбына сәйкестігі;
  • көрнекі материалды орындау сапасы.

12 өңірден 140-тан астам жұмыс қабылданды.

 

Байқау қорытындысы бойынша «№8 бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиеленушілері мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының балалары арасында жүлделі орындарға (II орын) ие болғандар:

 

Лебедев Максим —«Пчелки» МДТ жетекшісі Жихарева Т.Б.

Похова Елизавета —«Василек» МДТ жетекшісі Ершова Е.В.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Add comment