oC
Местоположение нашего сайта

Қазіргі уақытта білім беру саласында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дамытудың арқасында білім беру қызметінің жаңа түрі - қашықтықтан білім беру пайда болды. Қашықтықтан оқыту - бұл Интернет-технологиялардың көмегімен «қашықтықтан оқыту».

Ал пандемия жағдайында бұл өскелең ұрпақты оқытудың жалғыз мүмкінді тәсілі, сондай-ақ педагогтардың біліктілігін арттыру тәсілі болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының (мамандар мен тәрбиешілердің) әдістемелік бірлестігі де қашықтықтан оқыту түрінде өтті. Алғаш болып (2020 ж. 12 мамырда) мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері бастады.  ӘБ жетекшісі И.А.Круглова («№27 бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиешісі) Қостанай қаласының мектепалды даярлық топтары тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігінің қызметін ұйымдастырды.  Бұл ӘБ  «№8 бөбекжай-бақшасы» МКҚК педагогтарымен қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырылды. Әріптестердің назарына «Жұмыс тәжірибесінен «Тәрбие-білім беру үдерісінде STEM технологияларын қолдану» тақырыбына мастер-класс ұсынылды. Мастер-класстың негізгі мақсаты - мектепалды даярлық топтары педагогтарының STEM-технологияны меңгеруге және тәрбие-білім беру үдерісінде қолдануға уәждемесін арттыру. Әдіскер Е.А.Захарова осы тақырыпқа бейне презентация дайындады, ол онда бөбекжай-бақшаның  осы бағыттағы жұмысын егжей-тегжейлі баяндап берді және көрсетті.  Ұйымдастырылған оқу қызметінің бейне фильмін Л.В.Лихограй ұсынды. STEM балаларға білім беру өзара байланысқан білім беру модульдерін енгізу арқылы бес білім беру саласын біріктірумен ұсынылған. ӘБ жетекшісі ұсынылған материалды WhatsApp мессенджеріне орналастырды. Бұл педагогтармен өзара байланысудың анағұрлым ыңғайлы тәсілі.

№8 бөбекжай-бақшаларының ұжымына сапалы дайындықтары және қашықтықтан ӘБ өткізу мүмкіндігі үшін алғыс білдіргіміз келеді.

 

 

 

 

Add comment