Қазіргі уақытта қалыптасқан санэпидемиологиялық жағдайда, Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласы күнін мерекелеу форматына елеулі өзгерістер енгізілді.
№8 бала - бақшасында мерекелік іс-шаралар кезекші топтардың балаларымен ашық алаңда өткізілді.Балалар үшін Нұр -Сұлтан қаласы күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.Балалар тақпақ оқып, Отан, астана туралы әндер орындады.
Викторина,"Отан туралы мақал-мәтелдерді байланыстыр" ойыны өте қызықты өтті. Балалар ,Қазақстан туралы өз білімдерін көрсетуге тырысты.
<p">Ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар өткізілді.
Мереке соңында флеш-моб ұйымдастырылып, балалар "Қара жорға" биін биледі"









