Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, флипчарт, компютерлік ойындар,бағдарламалық жобалар құрастыру. Қазақ тілі мұғалімі ретінде интерактивті тақта балаларға мемлекеттік тілді үйретуде үлкен көмек береді.Қазақ тілі ұйымдастыру оқу қызметінде тапсырмаларды интерактивті тақтамен орындаймыз,тақырып бойынша презентациялар, флипчарт, компьютерлік ойынадарды қолданамыз. Әсіресе балаларға графикалық сурет жасау, түстерді үйрену кезінде, заттарды безендіру тапсырмалар өте қызықты болады.
Интерактивтік тақта арқылы өткен сөздерді бекітеміз, тірек сызба арқылы сөйлем, сөйлемнен әңгіме құрастыруға үйренеміз. Мұндай тақтамен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы бүлдіршіндердің біліктілігі мен белсенділігін, қазат тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру жүзеге асырылады. Аталмыш әдісті қолдану ұйымдастыру оқу қызметінің сапасын көтерумен қатар, балалардың ынтасын, белсенділігін арттыруда ерекше орын алады, өз бетінше практикалық тапсырмаларды орындауға қызықтырады.
Менімше , бұл әдіс мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік тілді саналы түрде меңгеруіне ықпал етеді және баланың мектепке дайындық деңгейін арттырады. 02/10/2020 Есеналина А.К.









