oC
Местоположение нашего сайта

Әр адам өз өмірінде өзіне қуаныш сыйлайтын және айналасындағы адамдарға пайда әкелетін өзінің сүйікті ісін табуды армандайды. Сондықтан балаларды мамандықтармен таныстыру, оларға сол немесе өзге кәсіп талап ететін тән сапалары туралы айту өте маңызды.

 

«Мамандықтар әлемі» жобасы аясында «Бабочки» мектепалды даярлық тобының кезекші тобында тәрбиеші Марина Михайловна мен Камила Ғалымжанқызы мамандықтар бойынша виртуалды саяхат пен сюжеттік-рөлдік ойындар ұйымдастырды.

 

Виртуалды экскурсия- бұл жобалық қызмет әдістерінің бірі және мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың тиімді нысаны болып табылады. Бұл қазіргі уақытта өте маңызды болып табылатын жерлерге бармай-ақ, қоршаған әлемнің объектілерімен танысу тәсілі. Виртуалды эсаяхатты пайдалану білім беру процесін қызықты әрі нәтижелі етеді. Кезекші топтың оқушылары тәуелсіз, белсенді болды және қызығушылық танытты.

 

Ал «Аурухана», «Сұлулық салоны», «Құрылысшылар» ойындары барысында балалар адам өміріндегі еңбектің рөлі, еңбек құралдарының алуан түрлілігі, еңбек әрекеттері туралы білімдерін бекітті. Олар өздерін осы немесе басқа мамандықтар рөлінде сынап көрді.

 

Add comment