12 қарашада «Сары сымшық күні» Экологиялық мерекесі атап өтіледі. Біздің ата-бабаларымыз оны шулы және мерекелік қарсы алған: олар ағаштардың бұтақтарына құстардың сүйікті тағамдарын іліп, кештер ұйымдастырған. Біздің бөбекжай - бақшаның балалары да шетте қалған жоқ.
«Сары сымшық күні» қарсаңында кезекші топта Елена Васильевна мен Валентина Андреевна тәрбиешілерімен «Құстардың қыстауы қиын, құстарға көмектесу керек!» дидактикалық және қозғалмалы ойындар ұйымдастырылды. Балалар алған білімдерін көркем әдебиетті оқу арқылы бекітті. Педагогтар балалар жұмыстарының шағын көрмесін рәсімдеді. Бұл акцияға тәрбиеленушілердің ата-аналары да қатысты. Учаскілерде астаулар орнатылды. Бей - жай қалмаған Касьянова Арина мен Гуринов Виктор ата-аналарға ерекше рахмет айтқымыз келеді. Балаларда ашыққан құстардың учаскіге ұшып келіп астаудан сақтықпен дән және нан үгіндісін жегендерін көргенде қуаныштарында шек болмады. Енді балалар өздерінің «қамқоршыларына» аязды қыста аман қалу оңай болатынына сенімді!









