Қазақ тілін оқыту барысында сын тұрғысынан
ойлау технологиясын қолдану
«Қазақ тілін оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану» атты тақырыпта қараша айының оны күні Қостанай қаласы №8 бөбекжай-бақшасында қазақ тілі пәні мұғалімдері қалалық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.
«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында » демекші мұғалім оқытудағы әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіре отыра оқытып,еліміздің болашақ жастарының қалыптасуына бағыт сілтейді. Аталмыш іс-шара заман талабына сай әрі қашықтан оқу үрдісінде онлайн форматта болды. Пәнді оқыту барысында маман иелері жаңа бағдарлама аясына сай әдіс- тәсілдердің қолдану тәжірбиелерімен бөлісті. Жаңа бағдарлама аясында педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында 4К моделі атап айтсақ, сыни ойлау,шығармашылық, қарым-қатынас, ынтымақтастық оқу үрдісінде тиімді деп танылды.
Осы орайда қалалық №8 бөбекжай-бақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі Ахметханова Э.Б.сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қазақ тілін оқытудағы тиімділігін баяндама барысында түсіндіріп, презентация арқылы жеткізе білді.
Ал Есеналина Ә.Қ. мектепалды даярлық тобында «Алтын күз» атты оқу үрдісінде жоғарыда аталған тақырып бойынша әдіс-тәсілдерді ң қолдану аясын нақты әрі түсінікті жеткізе білді. Кезекші топта оқитын тәрбиеленушілеріміз күз атты ғажайып патшалыққа әуе шарымен саяхат жасады. Саяхат барысында кездескен тапсырмалардан еш қиындықсыз өтті, өйткені пән мұғалімі өзге тілде оқитын тәрбиеленушілеріміз үшін сын тұрғысынан оқыту технология әдіс-тәсілдерін, шығармашылықты арттыру, ойын технологиялары, денсаулықты қорғау, есте сақтау әдістері, АКТ технологияларын қызықты әрі қолайлы қолданды. Балалар ауызша ойындардан тақырыптық ойындарға динамикалық түрде ауысып, үш деңгейлі тапсырмаларды ұйымдастырылған оқу қызметінде еш қиындықсыз орындап, белсене қатысты. Жұмыс барысында топтық, ұжымдық, жеке жұмыстар жүргізілді. Ең бастысы қазақ тіліне деген қызығушылықты ояту мақсатында дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар, үлестірмелі кеспелер өз ретімен жәнете бала деңгейіне сай пайдаланды әрі оқу мақсатына жетті.
Сөз қорытындысы №8бөбекжай- бақшасы педагог-психологы Мычко Е.И. «Двенадцать советов Мадэлин Беркли-Ален» атты тақырыбындағы онлайн тренинг арқылы аяқталды.








