oC
Местоположение нашего сайта

Танымдық зерттеу қызметі

 

Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігін, ақыл-ой белсенділігі мен ойлауды дамытуға ықпал жасайды. Мұндай белсенділік тәжірбиелік және ақыл-ой түрінде көрінуі мүмкін. Егер бала қарапайым тәжірибелер жүргізсе, балада танымдық белсенділігі артады.

«Айгөлек» ортаңғы кезекші тобының тәрбиешілері танымдық зерттеу іс- әрекетің дамыту үшін ҰОҚ-тің өткізді.

Тақырыбы «Кішкентай тамшылар». Стаканда су қойылып тұрады, қырынуға арналған көпіршіктен бұлт жасап, бояуғышпен кішкентай тамшылар жасады. Балалар  бұрын танымаған  заттарды  қасиетімен бетпе-бет келіп, осы қасиетті түсінуге, дәлелдеуге ұмтылады.

Мұндай  оқу іс қызметінде мектеп жасына дейінгі бала, заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін ашады. Бала  оларды түсіндіре алмайды, содан кейін ересек адамға сұрақтар тізбегі қойылады. Танымдық қызығушылық артып, жаңа тәжірибелерге итермелейді. Балалардың ғылыми-зерттеу қызметінің құндылығы-бұл әлемді танудың тәсілі.

 

Add comment