«Серуеннің бала өміріндегі маңызы»
«Важность прогулки в жизни ребенка»
«Қарлығаш» тобының балалары мекепалды даярлық топ болғаннан кеиін, міндетті түрде серуенге шығып, серуенің бес бөлімінде орындауға тырысамыз. Міндетті түрде қандай да болмасын, бір табиғат бөлігін бақылаймыз. Күз мезгілінің соңғы күндері болғаннан кейін,біз тобымыз бен «Жапырақ неге сарғайып жерге түседі»деген балаларға қызықты табиғат құбылысын бақылап, зерттеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Серуен арқылы балаға айнала қоршаған орта туралы толық мағлұмат беруге болады. Бала ауа райын, табиғатты, күнді, желді, топырақты, ағаштар мен жануарларды, құстарды бақылай отырып білімін жетілдіреді, өзі үшін жаңалық ашады. Балабақшада серуен дайындықсыз өткізілмеуі тиіс. Олар танымдық мақсатқа құрылып, қызықты өткізілуі керек. Біз жоспарлау барысында ақпараттық материалды кеңінен қолданғанымыз жөн. Олар төмендегі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс: – балалардың ой–өрісін кеңейту; – алған білімді ойын және ауа–райын дербес бақылау уақытында қолдана білуге үйрету; –шығармашылық қиялын, фантазиясын, есте сақтауын, зейінін, тілін дамыту; –табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын қолдау; –ересектер мен серіктерін мұқият тыңдай білуге тәрбиелеу; –туған табиғатты сүюге тәрбиелеу; –алғашқы экологиялық түсініктерін қалыптастыру.
Жалпы қорыта келгенде, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән–мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан–жақты тәрбиелеу– нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың басты құралы.









