Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.Ең басты мақсатым: сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Сын тұрғысынан оқыту технологиясы көптеген стратегиялардан тұрады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдаланатын стратегиялар түрі:Ой шақыру,бес жол өлең,топтастыру,венн диаграммасы, кубизм ,интерактивтік бөлім. “Сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тәсілі” Бала тілі – бал демекші, баланың айтқан тақпақтары, әңгімелеуі бізді сүйсіндіреді. Бірақ өкінішке орай, кейбір балалардың байланыстыра сөйлеуі, тақпақты тұрақты есте сақтай алмауы кездеседі. Бірақ қай бала болмасын сурет салғанды жақсы көреді. Сондықтан біздің «қазақ тілі» деген пәндерімізді оқытқанда, мен өз тәжірибемде трек схемалармен қолданамын. Бұл әдістің балалар оқығанды есте сақтауына көптен – көп көмегі бар.
Сабақ барысында мынандай Ойындарды қолданамын :«Керісінше»(доппен ойнайды).Мұғалім балаға допты лақтырып, сөз айтады, ал бала мағынасына қарай қарама – қарсы сөзбен жетекшіге допты қайтарады (жақсы – жаман, ақ-қара, үлкен-кішкентай...,)..
«Ой шабуылы» әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.Мысалы: “Ой шабуылы” :«Егерде ... , не болады?», «... адамдар құстар сияқты ұшады».,«... иттер адамдар сияқты сөйлей бастайды».
Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді.«Ой шабуылының» жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне байланысты болады. Ең тиімді әдістерінің бірі «Ойлап табу теориясының шешімінің міндеттері» әдістемесі. Бұл әдістеме бойынша баланың шығармашылық қиялын, ойын, тілін дамыту үшін бала көп сөйлеу керек, ойын толық айтуы тиіс.
Ұйымдастырылған оқу кызметін сын тұрғысынан жоспарлап өткізу мынандай нәтиже береді:
- балалардың бір – бірімен қарым – қатынас жасай білуге үйренеді;
- басқаларды тыңдауға;
- өз ойын топ алдында ашық айтуға;
Ең бастысы мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясымен жұмыс істегенде, баланың танымдық белсенділігі, шығармашылығы артады
Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
Қазақ тілі мұғалімі Есеналина Әсемгүл Қиясқызы - №8 бөбекжай –балабақшасы









