oC
Местоположение нашего сайта

Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат

Біздің балабақшада  Рухани Жаңғыру: «Туған өлкеге саяхат» бағдарламасы аясында мектепалды даярлық топтағы  балаларға Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды  саяхат ұйымдастырылды.

 Бұл шараның мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; балалардың  бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Қазақстан- ашық аспан астындағы  мұражайы деп санауға болады. Қорғандар, мешіттер, ғибадатханалар, батырлар жерленген орындар -осының бәрі біздің мемлекетіміздің тарихы. Бұл киелі жерлер Отанымыздың, тарихымыздың рәмізі болуы тиіс.

Виртуалды саяхаттың арқасында балалар, Қазақстанның киелі жерлері туралы көп мәлімет  білді. Бұл жерлер өздерінің сұлулығымен, құпиясымен таң қалдырды.

Бұл Ұлытаудың айбынды таулары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Тараздың ежелгі ескерткіштері, Бекет Ата жерленген орындары, Шығыс Қазақстан мен Жетісудың таңғажайып ежелгі кешендері және басқа да көптеген жерлер. Есік қорғаны қазба жұмыстары кезінде табылған Алтын адамның сүйектерінің арқасында бүкіл әлемге танымал болды . Балалар Қанатты барыста "Алтын адам" Қазақстанның ұлттық рәміздерінің біріне айналғанын білді. Саяхат барысында балалар сол алыс уақыттардың атмосферасына еніп, өздерін Қазақстанның ұлы тарихының бөлшегі ретінде сезінді.

Виртуалды саяхат, алынған ақпаратты бекітуге көмектесетін танымдық викторинамен аяқталды. Өз елінің, өлкесінің, қаласының,  тарихын білу және зерделеу өскелең ұрпақ үшін өте маңызды.

Бұл саяхат барысында балалар тек қана көркем тарихи жерлерді көріп қана қоймай ұлттық сана сезімдері оянып, патриотизмге бой алатынына сенімді болдық.Сондықтан өз тарихымызға және Отанымыздың қасиетті жерлеріне қызығушылықтарын оятуымыз қажет.

Add comment