Тыныс алу- бұл өмір
Мектеп жасына дейінгі балалар жиі ауруларға бейім, әсіресе ЖРВИ, бірақ ауыр асқынулардың пайда болу қаупі бар. Бір бала балабақшаға жөтелмен келгенде, әдетте, бір күннен кейін басқа балаларда бірдей белгілер пайда болады. Нәтижесінде цикл пайда болады, бір бала сауығып үлгермей тұрып, өз тобына оралып, қайтадан достарынан жағымсыз белгілерді жинайды.Сол себептен ортаңғы «Айгөлек» тобы өз балалармен күннің екінші жартысында тыныс алу жаттығуларды өткізеді.
Айгөлек тобының тәрбиешілері тыныс алу жаттығудың мына негізгі міндеттеріне сүйеніп отырып жұмыс жасайды-мектеп жасына дейінгі баланы дұрыс дем алуға үйрету, демек оның денсаулығын нығайту. Демді ішке алу кезінде өкпе мүмкіндігінше толуы керек, кеуде қуысы кеңеюі керек. Дем шығарған кезде барлық ауаның шығуы өте маңызды, әйтпесе қалғандары қажетті көлемдегі жаңа ағынын шектейді.
Тыныс алу жаттығуы баланың әлі жетілмеген тыныс алу жүйесін дамытады, ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтеді және бірқатар артықшылықтарға ие. Ол мұрыннан тыныс алуға негізделген. Сондықтан мамандардың ескертуі кездейсоқ емес: егер балалар мұрнымен дем алмаса, ақыл-ойы жеткілікті дамымайды, өйткені мұрыннан тыныс алу мұрын-жұтқыншақта орналасқан барлық мүшелердің жүйке ұштарын байланыстырады.
Кешенді тыныс алу жаттығулары әдеттегідей күнделікті кезінде және қосымша уақыттарда бірнеше рет өткізіледі. Алдымен жаттығу үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады. Жүргізуші ретінде, бала ретінде балалар кезектесіп өткізеді. Алғашында жеңіл түрінен басталып, күрделі түріне ауысады.
Бұл кезекті тыныс алу жаттығуларын балабақша тәрбиешілері әр лексикалық тақырыпқа сай қолдануға болады:
«Қиярдың иісін ажырат»
2. «Апельсиннің иісін ажырат»
3. «Жапырақтарды ұшыр»
4. «Шарды үрлейміз»
5. «Терезенің жапқыштарын үрлеп ұшыр»
6. «Шәйді суыт»
7. «Мұрынмен дұрыс тыныста, ауызбен дұрыс дем шығар»
8. «Айнаның бетін тазала»
9. «Қарды үрлеп ұшыр»
10. «Қолды үрлеп ысқылау арқылы жылыту».









