oC
Местоположение нашего сайта

2021 жылдың 1 наурызында "№ 8 бөбекжай-бақшасы" МКҚК балаларды мереке тарихымен таныстыру, қайырымды, жомарт және ризашылықты болуға, татуласуға ұмтылуға, сыпайы сөздердің, мінез-құлық қағидаларының мағынасын бекітуге, ұйымшылдық, патриотизм, өзара көмек, қоршаған адамдарға құрмет сезімдерін тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту күні» тақырыптық күні өтті.

Мектепалды даярлық топтарында «Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі» атты рухани қарым-қатынас сағаты өтті. Балалар осы мерекенің тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтер алды, «Алғыс айту күні» бейне-ролигін көрді. «Алғыс», «Мейірімділік», «Достық» тақырыбында «Мақал-мәтелдер жина» танымдық ойынына белсенді қатысты.

Ересек топ тәрбиешілері «Рахмет» сөзінің шығу тегі, оның әртүрлі тілдерде қалай естілетіні, осы сөздің маңыздылығы және басқа да сыпайы сөздер, оларды қарым-қатынаста жиі қолдану қажеттілігі туралы айтты. Мектепке дейінгі балалар «Бірге көңілді жүру» ұранымен ертегі аралдарына саяхатқа аттанды. Аралда «Күлкі» көңілді сұрақтарға тапқыр жауап берді, аралда «Ақылды ой» «Кім Кіммен дос?», тапсырмаларын орындады, ал «Мейірімділік күні»  аралында күннің әр сәулесінде сиқырлы мейірімді сөздер жазылды (тәрбиешілердің көмегімен). Балалар Достық аралына бірге және көңілді жүзіп келді.

Ортаңғы топ балалары «Туған жер» мұражайына барды, онда біздің республика аумағында тұратын этностардың ұлттық костюмдеріндегі қуыршақтар орналасқан. Әңгіме жүргізілді. Тәрбиешілер біздің бәріміз әртүрлі екенімізді, бірақ бәріміз біргеміз, бейбітшілік, достық пен келісімде өмір сүруге тырысатын бір үлкен отбасы екенін қорытындылады.

Тақырыптық күннің жемісі «Алғыс айту күні» челленджі болды, оны бөбекжай –бақша қызметкерлері іске қосты, содан кейін балалар мен ата-аналар қосылды.

 

 

Add comment