oC
Местоположение нашего сайта

Домбыра - сарқылмас қазына

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ересек және мектепалды даярлық топтарына «Шексіз даланың әуендері» атты онлайн видео көрінісін көрсетілді. Бұл көрсетілімнің негізгі бағыты қазақ ұлтының ең көне музыкалық аспаптарының бірі - домбырамен таныстыру мақсатында өткізілген еді.

«Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ - домбыра», - деп ақын Қ.Мырза Әлі айтқандай әр қазақтың төрінде домбыра ілініп тұрады емес пе? Бұл дегеніміз қазақ халқы домбыра аспабын құрметтегенінің белгісі. Қоңыр, назды үнімен талай күйшілердің сырын шерткен, сал-сері, ақындардың базын кешкен - домбыра.

Балабақша музыканты Угрюмова А.В. осы аспап түрін  балабақша тәрбиеленушілеріне рухани қазына ретінде онлайн видео көрсетілімінде домбыраның үнімен таныстырды. Сонымен қатар, қазақ елінің ұлттық аспабының бірі домбыраның пішінін, кескін келбетін суреттей білді. Онлайн көрсетілімде тәрбиеленушілер домбыра аспабының сырына қанық болып қана қоймай, ұлы дала елінің әуенді, тарихи аспаптарының бірімен танысып одан әрі ұлттық сана сезімдері оянып, патриоттық қуат ала білді.

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Ахметханова Э.Б.

 

Add comment