«Ас атасы - нан» атты тақырыптық апта аясында «Тамшы» және «Жидек» тобының бүлдіршіндерімен «Нан – дастархан байлығы» тақырыбында әңгіме өткізілді. Балаларға нанды қастерлеуге, ас атасы – нан екендігі, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігі, оның оңай жолмен келмейтіндігі айтылды. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігі түсіндірілді. Әңгімеден кейін балалар нан мен нан өнімдерінің суретін бояды. Балалар еңбек адамдарын сыйлауға, нанды қастерлей білуге тәрбиеленді.
https://sad8-kst.edu.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/747-nan-dastarkhan-bajly-y.html#sigProId4c7ff45dcd








