Тіл – қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді. Біздің балабақшамызда да Тіл мерекесіне орай 5 қыркүйекте «Тіл-халық мұрасы» атты ертеңгілік аталып өтілді. Бұл мерекеге мектепалды тобы «Гномики», ересек тобы «Пчелки» балалары қатысты.
Бұл шараның өткізу мақсаты: бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді білу үшін қызығушылықтарын арттыру, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді , қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін ұмтылыстарын қалыптастыру.
Мерекеміз мемлекеттік әнұранмен басталды. Қазақ,орыс, корей т.б ұлт өкілдерінің балалары өз ана тілінде өлең оқып,ән салып,би билеп өнерлерін ортаға салды. Қазақ және орыс тілінде қызықты ойындар арқылы өз білімдерін көрсетті.
«Тақия тастамақ» қазақ халқының , украин және орыс ойындарын ойнап, олар өздерінің шапшаңдығын, күш-қуатын және тапқырлығын көрсетті. Мерекеміз достық пен үлкен ортақ бимен аяқталды. Мектеп жасына дейінгі балаларға Отанға және ана тіліне сүйіспеншілікпен қарап, басқа тілдерді үйренуге деген, патриоттық тәрбие беруде кішкентай бүлдіршіндерге мұндай іс-шаралар өте маңызды.
Қазақ тілі — біздің бабаларымыздан аманатталған ана тіліміз. Оны қастерлеп, қадір тұту әр қазақ баласының қасиетті борышы. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін үйренуге тырысуы керек. Олар сол арқылы қазақ халқына деген құрметін көрсетеді..
https://sad8-kst.edu.kz/kz/jymdastyryl-an-is-reket/748-til-e-ymbat-azyna.html#sigProIdb716d8e259








