2020 жылдың 3 ақпанынан бастап 12 ақпанына дейін «Махаббат және шығармашылықтың педагогикасы» өзін-өзі танудың дәстүрлі Республикалық он күндігі жүргізілді. Осы он күндіктің қорытынды іс-шарасы «Махаббат – өмір негізі» тақырыбындағы жалпы республикалық сабағы болды. Он күндік жалпы адами құндылықтарды, өнегелі-рухани білімді дамыту, «Өзін-өзі тану» өнегелі-рухани білім бағдарламасын алға жылжыту бойынша С.А. Назарбаеваның қоғамдық қызметіне арналған.
№8 бөбекжай-бақшада осы он күндіктің аясында бірқатар іс-шаралар жүргізілді, олардың мақсаты – мейірімге, сақтыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу, адамдарға махаббат және қуаныш сыйлай білуге тәрбиелеу. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері балаларды өзін-өзі тану жобасын құрушы С.А. Назарбаевамен, оның өмірбаяны, еңбектерімен таныстырды. Сара Алпысқызы туралы, оның отбасы, шығармашылығы және балаларға деген үлкен махаббаты туралы қызықты фильм көрсетілді. Тәрбиешілер балалармен бірге достық туралы келесі композицияларды естеріне түсірді: «Жақсы көңіл-күй туралы өлең», «Мамонтенка өлеңі», «Достардың өлеңі», «Мейірім жолымен». Тәрбиеші Шарандак В.А. «Василек» тобының балаларына арналған «Жер шарының барлық гүлдері сен үшін, қымбаттым!» мастер-класс ұйымдастырды. Балалар гүлдерді дайындауда өздерінің шеберлігін көрсетті, олар мереке үшін әшекей болды. Балалар апта бойы күннің жылулығымен, махаббат және бақытпен жеткізілген мейірім туралы суреттерді салды. Олардың әрқайсысы өте мазмұнды және қызықты болды. 5 ақпан күні он күндікті «Жақсы және мейірімді қылықтар» әңгімесі жалғастырды, онда балалар өздерінің мейірімдерінің бөлшегімен бөлісті, ал «Мейірім тамшыларымен» балалардың күнделікті өмірлеріндегі қылықтарын белгіледі. Бұл іс-шараның мақсаты балаларды мейірімнің одан да көп сезіміне, жақсылыққа деген сенімге, өз ойлары және іс-әрекеттерінің жауапкершілігіне тәрбиелеу.
Тәрбиешілер Елена Ершова, Валентина Шарандак, «№8 бөбекжай-бақшасы» МКҚК Қостанай









