oC
Местоположение нашего сайта

№8 бөбекжай-бақшасында "Ханталапай" атты балалар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының ұлттық ойындарына деген қызығушылықты арттыру, балалардың көз өлшегішін, ептілігін, тапқырлығын дамыту. "Пчелки" және "Васильки" мектепалды даярлық топтарының балалары жаңа жылдық мерекелерден кейін асық ойындарына бірден белсенді түрде үйрене бастады. Алғашқы кезеңде балалар екі метр қашықтықтағы қойылған асықтарды жай ғана көздеп және оларға тигізіп үйренді.  Ойын ұнаған қабілетті балалар анықталды. Осы балалармен жаттығулар жалғастырылып,  лақтыру техникаларын және «Үш табан», «Омпы», «Шеңбер жасап ату» сияқты асық ойындарының түрлерін үйренді.  Соңғы кезеңде топтар арасында жарыстар өткізіліп, мерген балалар анықталды.  Олар - Севостьянов Матвей, Говоров Данил «Пчелки» тобы; Шевяков Дима, Поплавский Артем, Нуржанкызы Азалия, «Васильки» тобы.  Барлық қатысушыларға грамоталар табысталды. Ал ең нәтижелі балалар біздің балабақшаның намысын  «Ханталапай» қалалық байқауында қорғайтын болады.  Оларға сәттілік тілейміз!

Елена Мычко Қостанай қ. «№ 8 бөбекжай-бақшасы» МКҚК дене тәрбиесі жөнінде нұсқаушы

 

 

 

Add comment