1-Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
Осы мерекеге арнайы, біздің №8 бөбекжай бақшасының «Айгөлек» тобының балаларының «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізді аттап өттік. Біз балалармен мерекегі алдын ала дайындық жасау үстінде болдық.Осы мерекеде балалар өз өнерлерін көрсетті.Екі тілде тақпақтар айтылды,әр елдің билерін биледі.Ең қызықтысы балалармен бірге қазақ ,орыс халқының «Арқан тарту», «Бубен» ойындарын ойнадық.Ойын барысыңда барлық балалар ат салысып қатысты.Бұл достық мерекесіне әр бала, әр ұлттың киімін киіп шықты.Осы достық жарасқан іс-шарамызда балалардың көңіл күйлері көтеріңкі болды.
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсың!









