oC
Местоположение нашего сайта

Біз бақша отырғыздық, не өскенін қараңыз!

Біз оны күтіп-баптап, суаратын боламыз,

Өскіндердің өскенін бірге бақылаймыз.


Жас ұрпақты экологиялық тәрбиелеу бүгінгі күні өткір мәселе болып тұр. Балаларды қоршаған табиғат әлеміне бала күн сайын өзіне жаңа нәрсені ашатындай, зерттеуші болып өсетіндей, оның әр қадамы табиғаттағы ғажайыптар көзіне саяхат болатындай етіп енгізу керек.

Көктем қызу жүріп жатыр. Күннің көзі күннен күнге жоғары көтерілуде. Бақша отырғызу уақыты да келіп жетті. Терезе алдына бақша егу — жағымды іс. Алғашқы көктемгі көктер сенің көз алдында шығып, жетіліп жатқаннан жағымды ештеңе жоқ. Терезе алдындағы бақша - бұл балаларға өсімдіктерге қалай күтім жасау керектігі туралы, өсімдіктердің өсуі үшін жарықтың, жылудың, ылғал мен топырақтың қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейтудің, қызығушылықтары мен ойлау қабілеттерін дамытудың тамаша тәсілі.

Терезе алдында өсімдіктерді өсіру балалардың танымдық дамуында, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуде, табиғатқа деген түзу мінез-құлықтарын қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Балалардың жанып тұрған көздерін, шағын бақшаларын күтіп, өз жұмыстарының нәтижелерін бақылағандағы олардың ынта-жігері мен энтузиазмын көру қандай керемет!

«Біз - сәби балалар, еңбекті сүйеміз. Міне, пияз отырғызып, оны мақтан ететін боламыз!»

Біздің терезе алдындағы бақшамызда біз балаларға бұтақтар мен жапырақтар арқылы ағаштарды тануды, бөлме жағдайында өсімдіктерге күтім жасауды үйретеміз, көкөністердің пайдалы қасиеттері туралы балалардың білімі мен түсініктерін кеңейтеміз; өз еңбегіне деген ұқыптылық қатынасты, өсімдіктерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейміз; бастамашылық пен қызығушылық танытуға шақырамыз.

Балалар қуана-қуана өсімдіктерді суарып, жерді қопсытады.

Біз «Бұршақ отырғызу» сабағын өткіздік, онда бұршақ отырғыздық, балалар оны күн сайын бақылап, оның өскенін асыға күтті. Олар әр жаңа өскінге қуанды.

Қорқытқышсыз қандай бақша болуы мүмкін. Біздің бақшмызда Люся атты құрт мекен етуде және көбелектер ұшып жүр, күн жарқырап, аздап жаңбыр жауады.

Біздің бақшамыз бізге қаншама қуанышты сәттер сыйлады!

Мектеп жасына дейінгі балалар табиғаты бойынша қоршаған әлемді зерттеушілер болып табылады және олар қызықты экспериментке әрқашан қуана қатысады. Сондықтан балалардың өсімдіктер отырғызуға, оларға күтім жасауға, өсімдік өміріндегі өзгерістерді үнемі қадағалап отыруға белсенді қатысуы өте маңызды.

Валентина Андреевна Шарандак, «Василек» тобының тәрбиешісі.


Add comment