Баланың бақытты болуы үшін, дененің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығына мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бала организмінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Сол себептен ортаңғы «Айгөлек» тобының тәрбиешілері оған ерекше көңіл бөледі.
Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уакыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгіріп алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсендіреді. Мұның бәрі балардың барлығында көңіл-күйінің бірдейлігін бірдей етеді. Оларды келесі оқу іс-әрекетке даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кезеңдерінде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол тәрбиешінің қалауына қарай күрделенуі мүмкін. Таңертеңгілік жаттығулар арнай бір уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі, жаттығуға қатысу үшін, ата-аналар балаларын балабақшаға кешіктірмей алып келуі абзал. Таңертеңгілік жаттығуды балабақшаның тәрбиешісі немесе дене шынықтыру пәнінің жетекшісі жүргізеді. Таңертеңгілік жаттығулар өткізілетін бөлмелерде балалар келер алдында алдын-ала бірнеше минут бұрын желдетіп алуыңыз абзал. Жаттығу кешендерін таңдап алу кезінде, көп балалы топтарының қызығушылығы туралы ұмытпау керек.
Ортаңғы топтарда күнделікті таңертеңгі жаттығулар ұйымдастырылады. Таңертеңгі жаттығулар жиыны әр айда екі рет ауыстырылады. Бұл жаттығулардан кейін негізгі қимылды дамытатын жаттығулар орындалады. Орындалатын әрбір жаттығулар 4-5 рет қайталанады. Ең соңында жаттығулардан кейін көңілді, қызықты, қимылды ойын ұйымдастырылады.
Қорыта айтқанда балалар балабақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі-балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимыл айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде,ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп, жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.









