oC
Местоположение нашего сайта

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында жаңа технология негізінде көптеген жаңашыл әдістер қолданылуда. Соның бірі бағалау әдістері. Бүлдіршін санасына бағалау дағдысын қосу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті оның әр қимылына сай, көңіл күйін ескере отырып бағалаймыз. Ол үшін жоғарыда айтылғандай жаңа технология әспеттері көмекке келеді. Бүлдіршін өзін бағалағанда  мінез құлқына тәкәппарлық, өзімшілдік, менменділік қасиеттерінен аулақ болуы қажет. Сондықтан да әр баланың жұмысын, берген жауабын, іс қимылын топпен бағалауымыз керек. Мысалы «Бас бармақ» тәсілін алатын болсақ, дұрыс жауап тапқан  баланың қызығушылығын көтермелеу мақсатында мұғалім барлық баладан оны бас бармақтарын көрсету арқылы бағалуды ұсынуға шақырады. Осы жайтта бағаланған балаға басқа балалар қызығып, бәсекелестік туындайды, ал бәсекелестік туған жерде бала өз білгенін, үйренгенін еске түсіруге тырысады. Мұндай бағалау әдістеріне «Көңілді күлегеш», «Жақсы тілек» әдістері қолайлы. Бұл технология түрі балаға ізеттілікпен қарауға, өз беттерімен әрекеттенуге, оқу үрдісін сезінуді үйретеді. Мұғалім тарапынан  жаңашылдық  ұйымдастырылған  оқу үрдісіне нәтижелі қорытынды береді. Жаңа технологияның  талабы сол. Балаға білім беруде мақсатқа жету. Мақсатқа жеткенімізді біз сол бағалау арқылы білеміз. Өйткені  балалар өз білгендерін эмоциямен жеткізеді.

Қазақ тілі пәні мұгалімі Ахметханова Э.Б.

 

Add comment