oC
Местоположение нашего сайта

Мектеп жасына дейінгі  балаларды  ертегілер арқылы тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуы. Сонымен, балалардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, баланың күнделікті рухани қажеттілігіне айналдыру балабақшаның қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.                                                     

Қазақ халқының жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жасөспірімдерге танымдық әсері жоғары. 
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады.

 Мен бүлдіршіндерді қазақ тілін үйрету барысында ,  қазақ халқы ертегілерімен  таныстыру  үшін түрлі әдістерді қолданмын:

1.Мултфильмдер мен ертегілерді видео арқылы қарау.

2. Қазақ халқы ертегілерді   оқу.

3. Презентация ,суреттер арқылы ертегілермен таныстыру.

Балалар ертегіні түсініп есте сақтау үшін , келесі жұмыстар жүргіземін.

1.Ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне  еніп соның көңіл күйін образ  арқылы бейнелеп беру.

2. Пантомима ойындарын   ойнату.Ешқандай  сөз айтпай сол кейіпкердің  қимылдарын көрсету.

З. Суретпен жұмыс. Әр түрлі кейіпкерлерді бейнеленген суреттер немесе бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.                                            

Оқу іс-әрекетінде және оқу іс-әрекетінен тыс циклограмма бойынша  мынадай ертегілерді сахналатамын «Ертегілер қонаққа келді», «Кейіпкерлерді тап», «Көзімді жұмып, қолымен анықта», «Сиқырлы суреттер», «Не қалай жүреді?», «Әжемнің ертегілері» сонымен қатар, ертегілерге байланысты ұлағатты сөздер үйретемін.  Көркем шығармалар бойынша санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар жаттатамын. Оқу іс- әрекеттінде бой сергіту сәтін үйретімін «Қуырмаш», « Алма кетті домалап», «Бақа –бақа балпақ» т.б
Оқу іс – әрекетті түрлендіріп өткізуде  ертегі элементерін пайдаланамын.
1.Ертегі кейіпкерлер қонаққа келді
2. Ертегі еліне саяхат
3. Сиқырлы (бөрік,қамшы, сандық)қолданамын
4. Көрнекіліктер арқылы
5. Логикалық ойындар
6. Тірек сызба

Мектепке дейінгі жастағы балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді.

Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы, тілін дамытуға құрал болып табылады.
Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек деп ойлаймын.

№8 бөбекжай –балабақша

Есеналина Әсемгүл Қиясқызы-қазақ тілі мұғалімі

 

 

Add comment