oC
Местоположение нашего сайта

Конституция күні еліміздегі ең басты мерекелердің бірі болып саналды. Сондықтан, біздің балабақшада жаңа оқу жылының қарсаңында,  дәстүр бойынша Конституция күніне арналған ертеңгілік өтті. Мерекеге мектепалды  даярлық тобынан «Гномики», «Колокольчики», «Сказка» және ересек топтардан «Пчелки», «Айгөлек» , «Василек» топтары қатысты.

Шараның мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін  оята отырып, құқықтық сауаттылыққа және ұлтжанды ұрпаққа тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізе отырып, патриоттық сезімдерін ояту.

Іс- шараның ұйымдастырылуында тәрбиешілер, музыка жетекшілері, спорттық ңұсқаушылар, қазақ тілі мұғалімдері алдын ала жұмыс жүргізді. Өз отанының Ата занымен таныстыру мақсатында  балалармен әңгімелесті.

Аталмыш шара Әнұранмен ашылып, жүргізуші Ата Заңымыз туралы  ақпарат берді. Балалар еліміздің Негізгі Заңын қабылдаудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі туралы білу мүмкіндігіне ие болды. Конституция күніне арналған презентация арқылы фотосуреттер ұсынылды . Қазақстан республикасы туралы викторина  сұрақтары қойылып, тақырып бойынша жұмбақтар шешілді.  Балалардың құқығы және міндеттерімен таныстыру үшін бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер, тақпақтар тыңдалды, соңында ұлттық ойындар ойнатылды. Ән орындауда «Гномики», «Сказка» топтары «Балдәурен» әнін тебіренте шырқаса, ал  «Айгөлек» тобы «Сәлем, Қазақстан» әнімен тыңдаушыларды  баурап алды.

Балабақшада осындай мерекелерді өткізу  елдігіміздің айбыны Ата заңымызда көрсетілген құқықтарымызды түсінуді, оларды қастерлей білуді насихаттайды. Қазақстанның Конституциясының бүгінгі күнге дейінгі өміршеңдігі мен тиімділігін толық дәлелдеді. Заңы заңғар елдің – заманы озық дегендей Тәуелсіздіктің арқасында Ата заңымызды басшылыққа ала отырып, біз барлық қазақстандықтардың жарқын болашағына жол ашатын жаңа белестерді бағындыратын боламыз.

 

Add comment