«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 қыркүйекте ҚР Тілдер мемлекеттік мерекесіне орай «Тіл мерейі, ел мерейі» атты балаларға арналған ойын -сауқ өтті. Бұл мерекеге ересектер тобы «Пчелки»,«Василек», мектепалды даярлық топтары «Сказка», «Гномики»,«Колокольчики» балалары қатысты. Бұл шараның өткізу мақсаты: бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді білу үшін қызығушылықтарын арттыру, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру үшін ұмтылыстарын қалыптастыру.Іс-шараны қазақ тілі мұғалімі Есеналина А.К , орыс тілі мұғалімі Лихограй Л.В. және музыка жетекшісі Угрюмова А.В., Кальян Н.А. ұйымдастырып өткізді. Мерекеміз мемлекеттік әнұранмен басталды. Балалар, қазақ және орыс тілінде өлең оқып, ән айты, жұмбақ шешті, қазақ және орыс тілінде қызықты ойындар арқылы өз білімдерін көрсетті. Мектепалды даярлық топтарының балалары екі тілде «Балдаурен» әнің деген әнің орындады. «Киіз үй» , «Түлкі, сен қайдасың?» деген орыс және қазақ халқының ойындарын ойнап, олар өздерінің шапшаңдығын, күш-қуатын және тапқырлығын көрсетті. Мерекеміз достық пен үлкен ортақ бимен аяқталды. Мектеп жасына дейінгі балаларға Отанға және ана тіліне сүйіспеншілікпен қарап, басқа тілдерді үйренуге деген, патриоттық тәрбие беруде мұндай іс-шаралар өте маңызды.
{gallery}000i/-9{/gallery}








