oC
Местоположение нашего сайта

Біздің балабақшаның да басым бағыттарының бірі – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау. «Дені  сау болса – дәулет сол» демекші балдырған балаларымыздың дендері сау, дене бұлшық еттері қалыптасқан, батыл болып өсуіне ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізілсе қызығушылығы артады. Осы бағытта балабақша Елбасымыздың «Шынықсаң шымыр боласың» насихат сөзіне сүйене отырып, денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады:

 1.Гигиеналық жұмыс (жуыну: шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.

 2.Шынықтыру жұмыстары: күн, су, ауа, су құю, сүртіну.

 3.Дене шынықтыру оқу іс-қызметі таза ауадағы қимылдық ойындар.

 4.Дем алу, сергіту жаттығулары.

№8 балабақшада «Біз денсаулыққа - ИӘ! дейміз» апталық тақырыбына байланысты іс –шаралар өткізілді. Балалардың денсаулығын сақтау өте маңызды, бірақ одан да маңыздысы - оларды салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына қамқорлық жасауға үйрету. Дәл осы идея тақырыптық апталықты ұйымдастыруға негіз болды. Балаларды апта бойы көптеген қызықты нәрселер күтті.

Топта балалардың денсаулығын нығайтуға, қозғалыс мәдениетін дамытуға, балалар мен ата-аналарды салауатты өмір салтына тартуға, балаларда табандылық, ерік-жігер, кедергілерді жеңе білуге, жеңу мен жеңілуге; көмек көрсетуге деген ұмтылыстарға, балаларда "Денсаулық"ұғымын бекітуге бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Денсаулық апталығының мазмұны салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған түрлі дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардан, танымдық және ойын іс-шараларынан тұратын аптаның әр күніне арналған іс-шаралардың кешенді жоспарын қамтыды. Осыған байланысты ересек «Айгөлек » топ тәрбиешілер мынадай қызықты ойындар өткізді Қимылды «Ұстайтын адам» ойыны

Сөздік ойын: «Зиянды - пайдалы». «Егуден қорқатын бегемот» рөлдік ойын: «Дәрігердің қабылдауында» және т.б.

{gallery}/-----------------/-3{/gallery}

Add comment