oC
Местоположение нашего сайта

Көрме «Күз кереметі»

 

Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз де келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Ендеше, күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Сондықтан далалық күзді «Алтын күз» дейді.  Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Қысқа адам да, аң да, барлық жан - жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аманшығуға әрекет жасайды. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын – шашын көбейеді. Міне, сондықтан да күздің осындай әр бір ашық күнін пайдаланып, мол өнімді тез жиып алу керек.

 

Осыған орай, «Айгөлек» тобында «Күз кереметі» атты мерекелік көрме ұйымдастырылды. «Күз кереметі» атты көрмеге тобымыздың барлық бүлдіршіндері мен ата-аналары да өздерінің қолдарынан келгенше шеберліктерін көрсетіп, мол сый тарту етті. Көрменің қызықты да, сәнді өтуіне себеп болған ата-аналардың жасаған, әр түрлі заттардың мүсіндері көздің жауын алардай тартымды болды.Табиғаттың сұлулығын, байлығын, жемістер мен көкөністердің адам өмірінің денсаулығына мол пайдасы бар екендігін бүлдіршіндерге жеткізу мақсатында өткізілген, бұл іс-шара балаларды үлкен әсерге бөледі.

 

Add comment