oC
Местоположение нашего сайта

Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді жолы- ойын

 

Қазақ тілі- ғажап тіл.

Оның болашағы да ғажап.

Тек оны насихаттай білуіміз керек,

оқытып, үйрете білуіміз керек.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсаттар мен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек ғана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік- балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады деген ойдамын.

Қазақ халқының дана ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын- балалар үшін қоршаған ортаны танып білудің ең жеңіл- де ұтымды тәсілі. Оның негізгі ерекшелігі- балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті жалғыз болғанның өзінде –де сөйлеп отырып ойнайды. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекерге айтпаса керек, сол себептен ойын бала үшін нағыз өмір.

Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін ойын әдісін көбірек қолданамын. Тіл үйретуде ойынды  көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және тағы да басқа материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады. Әр сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Мысалы: «Азық-түлік» тақырыбындағы сабақта «Дүкен» дидактикалық ойынын, «Жемістер мен көкөністер» тақырыбындағы сабақта «Жемістерді жина» дидактикалық ойынын және тағы да басқа ойындарды пайдалануға болады. Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қорыта айтқанда, ойын- балалардың негізгі іс- әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сонымен қатар ойындарды пайдалануда балаларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайрымдылыққа тәрбиелейді.

Тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің де басыбайлы дүниесі емес. Тіл- халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі- елдің мерейі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым- балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.

 

 

№8 бөбекжай-бақшасының

 қазақ тілі мұғалімі Калкаева Гулшат Тұрсынбайқызы

{gallery}147/3{/gallery}

Add comment