oC
Местоположение нашего сайта

Ортаңғы топтағы балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар, қазақ тілі мұғалімі және тәрбиешінің міндеті.

Балабақшада балаларды жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұғалім бағдарламада көрсетілген сюжетті-рөлдік, қимыл – қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, ұйымдастыру оқу қызметі барысында  баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында таным белсенділігі артып, игерген білім – машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеу,ойын ойнауға қасына серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.  Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенің басқа да салалар мен тығыз байланысты. Адамныңіс-әрекеті мен мінез-құлқынан да әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көз деген мұратына жете алмайды.  Адамгершілікке баулу жұмысының ережесі балабақшадан бастап нақтылы мақсаттык көздеуі шарт. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенің өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Ойын баланың жан серігі. Балалардың бір-бірімен достық қарым –қатынасының дұрыс қалыптасуына мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиеләк мәні мол. Бала табиғатының өзі ойынмен байланысты.

Мен өз сабағымда ортаңғы топ балаларына осындай  сюжеттік –рөлдік ойындарды ұйымдастырам: «Қуыршақпен танысу», «Қояндарды тамақтандыру », «Әжеме көмектесу», «Қуыршақты ұйықтату» т.б ойындар.

Бұл жастағы балаларда негізгі ойындар- ойыншыққа байланысты болады. Олар негізінен тамақтандыруға, бесік тербетуге ыңғайлы қуыршақтар, аюлар, үлкен қояндар болып келеді. Осы аюлар мен қояндарға арнап жиhаздар: үстелдер, орындықтар, кереуеттер, бесік қажет. Балалардың ойнауына қолайлы болуы үшін, ойыншық ыдыстардың мөлшері де көлемді болуы керек. Мұғалім  қуыршақты ұйықтауға байланысты өзіне ұнаған «Әлди- әлди» өлеңнің бір-екі шумағын баяу әуезді үнмен орындайды. Ойынды қайталатып ойнату кезінде барлық балалар мұғалімге  қосылып айтады. Ойынға ұсынылған тақпақтарды арнайы жаттатпай-ақ бір неше рет қайталау барысында, өздері-ақ үйреніп алады. «Қуыршақты ұйықтатамыз», ойыншарты: мұғалім балаларды дөңгелете отырғызып, ақырын дауыспен сөйлейді. Қазір қуыршақ ұйықтайды, бәріміз сыбырлап қана сөйлейік. Сендер қарап отырыңдар. Мен қуыршақты шешіндіремін. Қуыршақты бесікке жатқызып, баяудауыспен бәріміз «Әлди- Әлди» өлеңнің айтамыз

Қуыршақ ұйықтап қалды деп, бәріміз ақырын, тарсылдатпай шығайық дейді. Осы ойынның мазмұның әрі қарай жетілдіре жүргізеді. «Әжеме көмектесу» - Балаларды дастарқанның басындағы, азық –түліктермен таныстырып, «мынау не?» - деген сұраққа жауап беруге жаттықтырамын. Дастарқанның басында өзін дұрыс ұстай білуге үйретемін. Үлкен кісілерге құрмет көрсетіп, қамқор болуға тәрбиелеймін. «Қояндарды тамақтандыру» ойынында, балалар жемістер –көкөністерді қайталап, қояндарды тамақтандырады. Бұл ойындар балаларды жануарларға, табиғатқа ұқыпты және қамқор қарым қатынысқа тәрбиелейді.

Мұндай ойындар барысында балалардың адамгершілік сезімдері қалыптасып, әлеуметтік эмоциялары мен сезімдері дамиды.

 

Add comment