oC
Местоположение нашего сайта

«Туған жер әуені» атты ән байқауы

Тұңғыш Президент - Елбасы Н .Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай  №8 бөбекжайында «Туған жер әуені» атты ән байқауы өткізілді. Байқауға бөбекжайымыздың, ересек тобы, мектепке даярляқ тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті.

Бұл байқаудың мақсаты - Отанның бір бөлшегі, махаббат, құрмет, береке, сүйіспеншілік, тәрбие иен өнегенің бастауы екендігін ұғындыру және өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу. Егеменді еліміздің қол жеткізген толымды табыстарын, жеткен жетістіктерін, шыққан биіктерін, қарышты қадамын, заңғар заманын паш ету. Өскелең ұрпаққа Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Ән байқауын  бөбекжайдың музыкалық жетекшілері: Угрюмова Алена, Кальян Натальяның ұйымдастыруымен өткізілді. Байқауға қатысқан бүлдіршіндердің жас ерекшелгіде әр түрлі болды. Әр бала туған жер туралы әндерін орындап,  өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендердің көңілін көтере білді. Байқауда әділқазылар бүлдіршіндердің әнді орындауына, әннің тақырыпқа сәйкестігіне, байқау соңында қазылар алқасы атынан қорытынды жасалып дипломмен мадақталды. Ән байқауының қорытындысы бойынша, ересек топ бүлдіршіндер арасынан топты жарып «Айгөлек» тобынан 1-орынды «Сәлем Қазақстан» әнімен   Анвар Дулат жеңіп алса, 2- орынды «Қазақстан туған жерім» әнімен «Айгөлек» тобының бүлдіршіні  Конысбек Інжу иемденді, ал 3- орын «Пчелки» тобының бүлдіршіні «Туған жер» әнімен Угрюмова  Илона алды. Мектепке даярлық  топ  арасынан,  «Сказка» тобының бүлдіршіндері Хажиева Амина «Қазақстан» әнін орындап, Ахметова Айлана «Қазақстан туған жерім» әнін орындап 1- орынды жеңіп алса,  2- орынды «Гномики»  тобынан «Мен ауылға барамын» әнімен Сансызбай Ерсаин және «Сказка» тобынан Мун Ярослав «Туған жер» әнімен жеңіске жетті.  3 орынды Дидик Богдан «Сказка» тобынан алды, ол «Сәлем, Астана» әнін орындады, барлығын өзінің темпераментімен және жарқын бейнесімен баурап алды.

 

№8 бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Калкаева Г.Т.

{gallery}-11-{/gallery}

Add comment