Біз Тәуелсіз Қазақстанның балаларымыз
Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш қуат, береді. Ата – бабаларымыздың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағанына міне 30 жыл. Осындай ұлттық мереке қарсаңында №8 бөбекжай балабақшамызда «Біз Тәуелсіз Қазақстанның балаларымыз» тақырыбында бүлдіршіндерге арналған қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға бөбекжайдың ортаңғы, ересек, даярлық топтары қатысып, өз өнерлерін паш етіп, нағыз еліміздің болашақ патриоттары екенін көрсете білді. «Қарлығаш», «Ягодки», «Цветочек», «Ромашка» ортаңғы топтарындағы бүлдіршіндеріне арнап қуыршақ театрыда ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында ортаңғы топ, бөбекжайымыздағы ең кішкентай бүлдіршіндері болса да өздері жаттап дайындап келген, Отан жайлы тақпақтарын айтып, көрермендерді таңқалдырды. Іс - шара барысында бөбекжайдың қазақ тілі мұғалімі Есеналина Асемгүл Қиясовна дайындаған «Мақта қыз бен мысық» ертегісі жайлы қуыршақ театр қойылымы көрсетілді. Қуыршақ театр қойылымын педагог- психолог Елена Ивановна мен қазақ тілі мұғалімі Асемгүл Киасовна, логопед Екатерина Викторовна ертегі кейіпкерлер рөлін сомдап, кішкентай бүлдіршіндерге ертегі өте қызықты тартымды болды. Қойылым аяқталған соң бүлдіршіндермен бөбекжайдың денешынықтыру мұғалімі Татьяна Викторовна «Киіз үй» ойынын ойнатып бүлдіршіндер бір серігіп, ойнап, билеп алды. Ал, «Пчелки», «Василек», «Айгөлек» ересек топтар мен «Гномики», «Сказки», «Колокольчик» даярлық топтары арасында іс шара еліміздің әнұранымен басталып, бүлдіршіндерді осындай атаулы ұлттық мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жайлы қысқаша мағлұмат берілді. Ән-күй мұғалімі Наталья Александровна мен қазақ тілі мұғалімі ұйымдастырған ұлы мерекеге арналған концерттік бағдарламасы жалғасын тапты. Ересектер мен даярлық топтар бүлдіршіндері өлең шумақтарын арнаса, барлық балалар «Қазақстан - туған жер» атты әнін орындады. Әрі қарай көрініс көрсетіліп, балаларға Алдар Көсе мен бай қонаққа келіп, балалармен ойын жүргізіп, қуантып, көңілдеріннен шыға білді. Қазақстан жайлы викториналық сұрақтар қойылып балалар белсенді жауап берді. Іс шара соңында балаларға арналған тәтті кәмпиттер беріліп «Қазақстан балаларының әні» әнімен аяқталды. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті еркін бүлдіршін ұландарымыздың келешегі нұрлы болсын. Өсіп келе жатқан тәуелсіз еліміздің қызы - өжет, ұлы - қайратты болғай.
{gallery}/-/8{/gallery}








