Кішкентай балалардың үлкен құқықтары
Биылғы жылды мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп, жаңа жылдық құттықтауында жарияланған болатын. Мемлекет басшысы «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы- мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық- бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»- деп атап өткен болатын. Осыған орай қаңтар айында бөбекжайымызда « Кішкентай балалардың үлкен құқықтары» деген сюжеттік- ойын ұйымдастырылды. Шараға мектепалды даярлық тобының «Гномики», «Колокольчики», « Сказка» тобының бүлдіршіндері қатысты. Бұл сюжеттік-ойынға қойылған мақсаты: балаларды өз құқықтарымен және міндеттерімен таныстыру. Шара барысында « Менің құқығым» деген бейне ролик тамашаланды, сол бойынша тәрбиеші сұрақ қойып,балалар жауап берді. Сонымен қатар интерактивтік « Жақсы, жаман» ойыны өткізілді. «Гномики» тобы қазақ тілінде « Менің Отаным» әнің орындады. Бүлдіршіндер өз құқықтарын түсініп, білу үшін,бөбекжайында осындай шараларды жоспарлап өткізу керек. Балалар қызығушылық танытты және бұл ойыннан көп ақпарат алды.
{gallery}/-/-1{/gallery}








