oC
Местоположение нашего сайта

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен практиканың маңызды міндеттерінің бір-баланың шығармашылық тұлғасын қалыптастыру. Балабақшадағы ең тиімді құрал-ұлттық қол өнерімен таныстыру.Балалардың ұлттық ою-өрнек элементтерімен танысуы, баланың шығармашылық тұлғасының дамуындағы ерекше рөл деп санаймын.

 

Мен өз ұйымдастыру оқу қызметі және сабақтан тыс уақытта балаларды қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен таныстырудың  түрлі әдістері мен тәсілдерін пайдалануға тырысамын.Оқу қызметі барысында,  ұлттық ою-өрнектер бейнеленген тұрмыстық заттармен таныстырып, ою-өрнекті қарастырып, оның  мағынасын түсіндіріп өттім.Мысалы, "Ыдыстар" тақырыбындағы сабақта, қошқар мүйіз,тұмарша,жапырақ, құс қанаты  ою-өрнегімен таныстырып, өрнектің мәні мағынасы туралы түсінік беріліп, әр ою-өрнекке жеке- жеке тоқталып өтілді. Мысалы:Қошқар мүйізі-үйдегі молшылықты  білдірсе, Тұмарша»   ою-өрнегі  үшбұрыш   үлгілес  болып   келеді, бұл  тұмарша оюлары адамдарды және үй жануарларын тіл — көзден  сақтау үшін  тағылады.Сонымен    қатар  ай,  күн,  жұлдыз оюлары  –аспан    әлеміне    байланысты,   табан,   мүйіз,  тұяқ– малдың    дене  мүшелеріне,    түр-тұрпатына,    ізіне    байланысты болып келеді.    

 

Ал «Қол өнері» тақырып бойынша  "Наурызға алаша жасаймыз" деген ойын ұйымдастырылды. Бұл ойында  қандай алаша  болуы мүмкін екенін және оларды қандай өрнектермен безендіретіні көрсеттіліп, балалармен алда болатын Наурыз мерекесіне орай, ою-өрнектен алаша безендіруді ұйымдастырдық. Балалар алашаға құс қанаты, қошқар мүйіз, толқын деген өрнектерін қызығушылықпен, таңғаларлықпен жапсырды. Сонымен қатар балаларға ою-өрнектің түстері туралы көптеген қызықты мәлімет берілді. Ою өрнектерді құрастырғанда түстер үйлесімінің  маңызы зор екендігін, түстер логиканың мазмұнына бағынатындығын, түстерді таңдау қазақ халқының этнографиялық тарихымен байланысты және символдық мағына беретіндігі жайлы сөз болды. Мысалы: көгілдір -аспанның символы, қызыл-күннің, оттың символы, сары-ақылдың, даналықтың символы, қара-жердің, өркендеудің, символы, жасыл-жастықтың, көктемнің символы, ал ақ-қуаныштың, бақыттың, адалдықтың символы.

 

    Сабақ соңында оюлар туралы алған білімдерін бекітіп,балалар ою-өрнек элементтерінен жасалған өрнектерді құрастырды, содан кейін «Өрнек құрастыр» ойынға қатысты,олар өздерінің өрнектерін кесілген киім үлгілеріне  жапсырды.

 

 Менің ойымша, ұлттық өрнектерімен танысу жұмысы, мектепке дейінгі бүлдіршіндерге қазақ халқының тарихына, салт –дәстүріне, халық өнеріне деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді.

 

Мектепалды даярлық тобында  балалардың өз халқының қолданбалы өнері, оның тарихы туралы білімдерін кеңейтуді әрі қарай жалғастыруын жоспарлаймын.  Өйткені олардың өрнектерді білуге деген қызығушылығын байқадым.Қазақ халқының қолданбалы өнерімен таныстыра отырып, балалар халық  өнерінің байлығы, оның адамдарында, Қазақстан мәдениетін көбейтетін, дамытатын және сақтайтын шеберлерде екенін түсінуі керек.

{gallery}/-/-2{/gallery}

Add comment