Ахмет Байтұрсыновтың ұрпақ сауатын ашудағы қосқан үлесі.
(Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай)
Қазақ халқында текті туған, ғұмырын ізгілікке арнап, ел дамуы жолында ат салысқан азаматтар жетіп артылады. Шоқтығы биік тұлғалардың бірі- Ахмет Байтұрсынов десек, артық айтпағанымыз болар. Ахмет Байтұрсынов ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, халқымыздың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда басын бәйгеге тігіп, «тар жол, тайғақ кешуден» өткен тұғырлы қайраткер. Өсіп келе жатқан балалардың сауатын ашып, елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуды мақсат тұтқан, «Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын. Ел- бүгіншіл, Менікі- ертең үшін» деген Ахмет атамыз болашақ ұрпақ үшін аянбай қызмет еткен. Ахмет Байтұрсынұлының есіміне тұңғыш деген тіркесті жалғай отырып, ұлт үшін істеген еңбегін тізсек, екі қолдың саусағы да жетпес. Төл әліппенің тұңғыш авторы, тұңғыш терминолог, тұңғыш фонетик, тұңғыш лексиколог, тұңғыш әдебиеттанушы, тұңғыш публицист деп кете береді. Сонымен қатар ағартушы педагог ретінде ерекше орын алады.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық қасиеттерін сараласаңыз - өзінен бұрынғы үш ғұламаның Абайдың ақындығын, Ыбырай-дың ағартушылығын, Шоқанның ғалымдығын, оны бір өзі таңдап алғандай. Байтұрсыновтың бойынан осы үш қасиет бірдей табылған. Ахметтің ақындығынан ғалымдығы жеңіп кетті –деп Серік Қирабаев ағамыз айтқандай, Ахмет Байтұрсынов педагогика саласын, оқу-тәрбиесін зерттеп зерделеп, артында көшпес мұра қалдырған. Тәлім-тәрбиелік мәні зор, өмірлік асыл қазына Ахмет мұрасына жаңаша көзқараспен қарап, оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің бүгінгі күнде маңызы мен мәні өте зор. Биылғы 2022 жыл президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының халық жолдауында «Балалар жылы» деп бекітілгенін білеміз. Өсіп келе жатқан ұрпақ өткен тарихын талдап, есінде сақтап, одан әрдайым сабақ алып отыру қажет. Осыған орай Ахмет атамыздың қазақ балаларын ел қатарына қалай қосу керек, балалардың сауатын қалай ашу керек білімді қалай ұштастыру керек, балаларға тәрбие қалай беру керек, кезінде маса болып ызыңдап халқымды қалай оятсам екен деп ұран тастаған атамыздың мол мұрасына ескеріп жадымызда ұстасақ. Жас бала- жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді- дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп, күтіп, үзбей тәрбиелеу керек етеді. Ахмет Байтұрсынов қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. А.Байтұрсыновтың «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірбие арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі — оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек»,-дейді. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған ғалымдардың бірі — Н.Құлжанованың, «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегіне А.Байтұрсынов алғы сөз жазған. Алғы сөзінде: «Баланы бастан тәрбиелеу деген — баланы жас басынан дұрыс тәрбиемен өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. Дұрыс тәрбиенің асылы-баланың жанымен, тәнімен керек деп танылған істерді бала табиғатының әуенімен істеу — сол дұрыс тәрбие болады», — деп бала тәрбиесі мен дамудың жас ерекшелік кезеңдерінің байланысын, мектепке дейінгі тәрбиенің маңызын аса жоғары бағалаған.
А.Байтұрсынов пен Н.Құлжанованың бала тәрбиесі туралы көзқарастарындағы ортақ ой, нақты мақсат – бала тәрбиесін салауатты өмір салтына негіздеп ұйымдастыру. Баланың дамуына негізгі әсер ететін ойын әрекеті екендігіне тоқтала отырып: «Баланың ойыны қайсы «жұмысы» қайсы, айыруға болмайды. Ойыны да ойын, «жұмысы» да ойын, бәрін де ойын үстінде, ойын үшін істейді. Жас балаларға жақсы іс, дұрыс білім үйрету дегенде мектеп балаларына сабақ үйрету үлкендерге іс үйрету сияқты емес, әлгі айтылған сияқты балалар табиғаты тілейтін жолмен үйрету айтылады. Яғни баланы ойынға үйрету, қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету деп білу керек»,- деп А.Байтұрсынов мектепке дейінгі тәрбиенің өзіндік ерекшелігін және жүргізілу тәсілін сөз еткен.
Ахмет «Мектеп керектері» атты мақаласында «мектептің жаны — мұғалім» десе, Н.Құлжанова «балаға жұмсалатын тәрбие құралдарының ең күштісі — алдындағы үлкеннің өз үлгісі. Сондықтан, бала тәрбиешісі — жылы шырайлы, сабырлы, шыншыл болуы керек. Бір сөзді де, жұмсақ та болғаны дұрыс»,- дейді. Демек, олар тәрбиеші тұлғасының жас ұрпақ тәрбиесіне ықпалы мол деген пікір білдіреді. Ахмет пен Нөзиланың артына қаддырған мұрасын бүгінгі педагогакалық колледждердің бастауыш сыныпта оқыту, мектепке дейінгі төрбие, отбасында білім беру бөлімдеріңде пайдалану арқылы қос ағартушы қалағандай мұғалім мен тәрбиеші дайыңдауға болады,
А. Байтұрсынов өмірі шындығын, тәрбие тағылымын мынадай етіп келтіреді: тықылдап, құр пысықтап сөйлейтін көп, еркіндеп ұшқыр атта қарқындаған, бос белбеу, босаң туған бозбала көп, киіздей шала басып қарпылмаған,- деп сол екі шумақ өлеңде – бүгінгі біздерге, жастарымызға арналып айтып тұрғандай емес пе? А. Байтұрсынов еңбек тәрбиесін жырлаған, еңбек тағылымның туын көтерген дана адам.
Әрбір дәуірдің мәні мен ерекшелегі жеке тұлғалар арқылы анықталады. Отандық тарихта өзіндік орны бар қоғам, мемлекет қайраткерлерінің бірі ХХ ғасыр басындағы А. Байтұрсыновтың өз халқын ұйқыдан оятып, бостандық, теңдік және туысқандық жолына салу үшін жүргізген жанпида күресі келер ұрпақты патриоттық тәрбие беруде үлгі болмақ.
Калкаева Гулшат
№8 бөбекжайы
қазақ тілі мұғалімі. Қостанай қаласы
{gallery}/-/-3{/gallery}








