Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап инновациялық технологиялар мен әдістемелерді көптеп қолдану болып табылады. Бүгін мен сіздерді жаңа технологиямен таныстырғым келеді, қызықты интерактивтік папка - Лэпбук. Лэпбук дегеніміз не?
Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың қазіргі заманғы құралы.
Лэпбук бір тақырып бойынша білімді жүйелейтін интерактивті қалта немесе мини кітапша. Кең тақырып ретінде ("Жыл мезгілдері", "Ауа райы" "Спорт"), жеке тақырып ретінде ("мысықтар", "қар", "алма") де алуға болады. Мұндай кітапшада тақырыбы бойынша зерттеу және білімдерін бекіту үшін калташалар , конверттер (оның ішінде иллюстрациялық суреттер) және көп жүйеленген қажетті материал бар.
Жаңа қызық ойын жасау арқылы жаңа ақпаратты тез меңгеріп алу және тиімді талқылап бекіту үшін лэпбукттер көмектеседі. Лэпбукті оқу қызметінде балаға қолдануға болатын ең қолайлы жас шамасы - 5 жас. Лэпбукті баламен бірге құрастыру процесінде, ол жаңа ақпаратты тез есте сақтайды. Бала тақырыптық материалмен жұмыс істеу барысында бақылау жүргізеді, тапсырманы орындайды, зерделейді және баяндай алады.
Лэпбук өткен тақырыпты балаға өз қалауы бойынша ақпаратты ұйымдастыруға, материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға көмектеседі. Лэпбук өткен тақырыпты қайталату үшін тамаша тәсіл. Кез келген өзіне ыңғайлы уақытта бала өз қолымен жасалған кітапшасын ашып, өткен тақырыпты қарай отырып, қайталайды. Лэпбук бір топта әр түрлі жастағы балаларды оқытатын жақсы құрал. Әрбір баланың күшіне сай тапсырмалар таңдауға болады. (Кіші топтарға пішіндер немесе мәселен жануарлар бар карточкаларымен, ал ересек топтағы балаларға – жазуға дағдылайтын тапсырмалар және т.б.) да осындай ұжымдық кітапшалар жасауға болады. Лэпбукті құру ересек адам мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Бәлкім тағы да тақырыптық аптаны қорытындылау немесе жобаны ұсыну нысаны ретінде қолдануға болады.









