Қазанның 25-і күні еліміз Республика күнің атап өтеді.1990 жылы қазан айында егемендік туралы диклорация қабылданған болатын.Біздін № 8 бөбекжайында Республика күніне іс-шарлар ұйымдастырылды. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.Республика күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. «Менің Отаным-Қазақстан» деген Республика күні мерекесіне арналған ертеңгілік тойланды. Барлық топтардың бүлдіршіндері ұлттық киімдерді киіп, безендірілген залға жиналып, мерекені тамашалауға келді. Мерекеге ата –аналар да қатысты. Әр топтан балалар шығып, тақпақтар мен өлеңдер айтып, би биледі. Мерекені мемлекеттік әнұраннан бастады. Бұл мерекеде балаларды спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тарту мақсатында ұлттық ойындар ойнатылды, мемлекетіміз туралы сұрақтар қойылды. Балалар белсене қатысып, сұрақтарға жауап берді.Қазақстанның табиғаты, байлығы, қалалары туралы видио тамашалады. Ертеңгіліктің соңында балаларға тәттілер таратты.Мереке балалар үшін өте көңілді және қызықты болып өтті. Осындай мерекелер арқылы балалардың Отаны, Рәміздері, Республика күні туралы бідімдерін кеңейтеміз. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттырамыз. Отанын, елін сүюге тәрбиелейміз, патриоттық сезімін оятамыз. Еліміздің әсем табиғатын, жемістері мен байлығын дұрыс пайдаланып, қорғап, аялауымыз керек екенің түсінік береміз. Сол кезде ғана еліміз гүлденіп, көркейеді, әсем де көрікті Республика болады деген бүлдіршіндерге ой саламыз.
{gallery}/----{/gallery}








