Білімнің бастауы-балабақша
Қәзіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімнің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы-балабақшада. Балабақша - барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала-болашағымыз, бала-қуанышымыз. Бүгін «Балапан» тобында қорытынды ашық оқу-қызметі өткізілді. Мұндағы оқу-қызметінің мақсаты балалардың жыл бойы алған білімдерінің көрсеткішін анықтап саралау. Балалардың балабақшаға келіп қандай білім алғанын, не үйренгенін, нені білгені, қандай атауларды білетінің барлығы қарастырылған.
Балалардың қазіргі таңда өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Осы оқу қызметінде «Таным» және «Қатынас» салалары бойынша жұмыс жүргізілді. ҰОҚ-іне қонаққа (Қанқыз қоңызы) ұшып келіп балалардың оқу қызметіне деген одан әрі қызығушылықтарын арттырды. Қанқызбен таныса отыра олар бірге берілген тапсырмаларды орындады. «Таным» саласында берілген тапсырмалар: «Түстері бойынша геометриялық пішіндер тап», «Балықтың түсін анықта», «Үлкен-кіші» атты тапсырмалар ал «Қатынас» саласы бойынша «Үй жануарлары», « Жабайы жануарлар», «Қай жануардың құйрығы» «Көбелектер» атты тапсырмалар орындады. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде балаларға қиындық туған жоқ, керісінше олар қызығушылықпен,тапсырманы орындауға деген ынталарын білдірді. Тапсырманы орындау кезінде балалар Қаңқызғада арнап өздерінің сыйлықтарын ұсынды. Жалпы тапсырманы орындау кезінде ең алдымен балалар өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, екінші кезекте осы алған білімдерін нақтылап қорытынды жасау.
Қорыта айтатын болсам өткізілген оқу қызметі жақсы деңгейді өтті. Осындай балаларға білім беріп, олардың ойлау-санасын үлкейтіп, көзі ашық, болашаққа жақсы бағдар беру әр тәрбиешінің мақсаты мен міндеті. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.
{gallery}-/-14{/gallery}








