oC
Местоположение нашего сайта

{gallery}/-1-/9{/gallery}

Ата заңым-барлық занңың негізі.

30 тамызда Ата Занымыз еліміздің Конституциясы қабылданып, бұл күн мемлекеттік мерекелерінің бірі болып саналады. Конституция –мемлекетіміздің  алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, келешегіміздің кепілі.                                                                 Сондықтан ,біздің балабақшада жаңа оқу жылының қарсаңында,  дәстүр бойынша Конституция күніне арналған «Ата заңым –барлық занңың негізі» деген ертеңгілік өтті. Мерекеге мектепалды даярлық « Айгөлек», «Василек», « Пчелки»  және ересек топтары  қатысты. Шараның мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін  оята отырып, құқықтық сауаттылыққа және ұлтжанды ұрпаққа тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізе отырып, патриоттық сезімдерін ояту.

Іс- шараның ұйымдастырылуында тәрбиешілер, музыка жетекшілері, спорттық ңұсқаушылар, қазақ тілі мұғалі алдын ала жұмыс жүргізді. Өз отанының Ата занымен таныстыру мақсатында  балаларға  құқықтары  және міндетері туралы мәлімет берді. Әңгімелесу арқылы балалар Конституция күні туралы өз пікірлерін білдірді. Музыка залын безендіріп дайындады. Балалар ертеңгілікке ұлттық киім киіп келді.

Мерекеміз Әнұранмен ашылып, жүргізуші Ата Заңымыз туралы  ақпарат берді. Конституция күніне арналған презентация арқылы фотосуреттер ұсынылды . Қазақстан республикасының тарихы және салт –дәстүрі  туралы викторина өткізіліп, сұрақтар қойылды. Біздің балабақшада балаларды  кішкентай кезіңен бастап ұлттық ойындармен, билермен, көркем сөздерімен таныстыру жақсы дәстурге айналды. Сондықтан мереке барысында балалардың құқығы және міндеттерімен таныстыру үшін бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер, тақпақтар тыңдалды,би билеп,соңында ұлттық ойындар ойнатылды.

Балабақшада осындай мерекелерді өткізу  елдігіміздің айбыны Ата заңымызда көрсетілген құқықтарымызды түсінуді, оларды қастерлей білуді насихаттайды. Жас бүлдіршіндерді Ата Заңды құрметтеуге міндеті әрі парызы  деп тәрбиелеу.Мұндай мерекелер патриоттық сезімдерді қалыптастыруға белсенді әсер етеді, балаларға өз дағдыларын, шығармашылық бастамасын көрсетуге , біртұтас халық сияқты сезінуге  мүмкіндік береді.Қазақстанның Конституциясының бүгінгі күнге дейінгі өміршеңдігі мен тиімділігін толық дәлелдеді. Заңы заңғар елдің – заманы озық дегендей Тәуелсіздіктің арқасында Ата заңымызды басшылыққа ала отырып, біз барлық қазақстандықтардың жарқын болашағына жол ашатын жаңа белестерді бағындыратын боламыз.

 г.Костанай

КГКП «Ясли-сад №8»

Есеналина Асемгуль Киясовна

Учитель казахского языка