oC
Местоположение нашего сайта

Балабақшада қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырудың маңызы

Бала тәрбиесі оның ортасымен халқының

салт сал-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса,

көкірегі ояу, салауатты азамат болып өседі.

Ы.Алтынсарин

 

Салт- дәстүр дегеніміз атадан балаға жалғасып отыратын тұрмыстық, әлеуметтік ұстанымдар.Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», — деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені  әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.  Балбақшада жоспарлы түрде жұмыс жүргізілуде.

Бүлдіршіндер  бойына қазақтың салт — дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт — дәстүрі мен әдет — ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру және мемлекеттік тілді меңгеру біздің басты мақсатымыз.

Осы мақсатты көздей отырып ересек топ балаларымен «Әжеме конаққа барамыз» деген ойын -сауық ұйымдастырдым. Ойын барысында тәрбиеленушілерге салт­-дәстүр дегеніміз не деген жалпы ұғымға тоқталып түрлерімен таныстырып өттім. Сонымен қатар дастархан басында өзін қалай ұстау керектігін және қонақтар қандай тәртіппен отыратынын айтты. Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы мәлімет берділді. Балалар  үлкен қызығушылықпен тыңдадап, бата берудің   дәстүрі туралы білді. Ойын барысында қыз балаларға ою-өрнек жайлы түсінік берілді, ал ұл балаларға асық жайлы түсінік беріліп, оны қалай ойнау керек екені түсіндірілді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге тапсырмалар беріліп ойын қызықты өтті.

Ойын соңында балаларды жас нәрестені бесікке бөлеу рәсімімен таныстырып, бесік,  оның жабдықтары тұралы мағлұмат берілді.Балабақша тәрбиеленушілері дәстүр туралы көбірек білгісі келетін айтты.Менің ойымша   балабақшадағы бүлдіршіндерді  тәрбиелеу үшін халықтық дәстүрлердің маңызы зор. Ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру арқылы балаларды адамгершілікке, кішіпейіл, мейірімді, қамқор болға тәрбиелейміз.

{gallery}000i/-21{/gallery}