oC
Местоположение нашего сайта

«Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында  4 қыркүйекте   ҚР Тілдер мерекесіне орай «Қазақстан –достық мекені»  атты балаларға арналған ойын -сауқ өтті. Бұл шараның өткізу мақсаты: бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді білу үшін қызығушылықтарын арттыру, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру үшін ұмтылыстарын қалыптастыру.   

 Өткен шараға  кезекші топтардың тәрбиеленушілері мен педагогтары қатысты. Мереке  топтардың серуендеу алаңдарында, әр топқа бөлек өтті.Іс-шараны қазақ тілі мұғалімі Есеналина А.К , орыс тілі мұғалімі Лихограй Л.В және музыка жетекшісі Вискова И. Н  ұйымдастырып өткізді. Балалар қазақ және орыс тілінде өлең оқып, ән айтып, жұмбақ шешті.  Ұлттық ойындар ойнап, олар өздерінің шапшаңдығын, күш-қуатын және тапқырлығын көрсетті. Мереке достық пен үлкен ортақ бимен аяқталды. Мектеп жасына дейінгі балаларға Отанға және ана тіліне деген сүйіспеншілікке патриоттық тәрбие беруде  мұндай іс-шаралар  өте маңызды.

Добавить комментарий